Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналиновтің төрағалығымен «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия» отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту жол картасының ағымдағы жүзеге асырылуы және карта шеңберінде қосымша ашылатын жұмыс орындары», «Кәсіпкерлік бастамаларға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз грант пен жастардың кәсіпкерлік жобаларына жеңілдетілген несие туралы (2,5 пайыз)», «2024 жылға арналған қысқа мерзімді курстардың құнын бекіту» мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, облыстық білім басқармалары қаралды. Комиссия қорытындысымен облыстық басқармалармен, аудан және Қызылорда қаласының әкімдеріне жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын уақытында қамтамасыз ету жөнінде хаттамалық тапсырмалар берілді.

Өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына 54,2 мың адам қатысып, оның 8,1 мыңы бос жұмыс орынға, 14,9 мыңы субсидияланатын жұмыс орынына орналастырылды. Ал 722 адам қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашты.

Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасына сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алуға 378 жас бизнес жобасын ұсынды. Олардың жалпы құны 1,7 млрд теңгеге жуық. Аталған жобалар іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, оның ішінде 258 жас кәсіпкер 1,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Сондай-ақ 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмаға сәйкес биыл облыста 10651 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірге дейін жылдық жоспар 9284адамға (87,2 пайыз) орындалды. Оған қоса «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 2135 адам жұмысқа орналастырылды.

БӨЛІСУ