Ағымдағы жылдың 19-21 наурыз күндері Тараз қаласында алғаш рет «Kazagro Zhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтті.

Форум барысында халықаралық және отандық сарапшылар, мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен инновациялар, тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, жылыжай бизнесі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, форумға шетелдік елшіліктерден және 12 шет мемлекеттен министрлік өкілдері, шетелдік инвесторлар, ұлттық компаниялар, даму институттары, облыс әкімдіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Форумға Қызылорда облысынан облыс әкімі орынбасары Б. Жаханов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев, Қазақ күріш институтының басшысы С. Тауипбаев, «Байқоңыр ӘКК» басшысының орынбасары А. Ибрагим қатысып, түрік компанияларымен кездесті.
Өздеріңізге белгілі, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының алға қойған мақсаттарының бірі күріш тұқымын көбейту, сапалы – өнімділігі жоғары сорттар шығару. Осы орайда келіссөздер жүргізіліп биылғы егіс жылында Қарауылтөбе тәжірибелік алаңқайларда түріктердің екі күріш сорты егіліп, жерсіндірілуі сыналатын болады. Сонымен қатар Тараз қаласында алғаш рет өткен «Kazagro Zhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесінде күріш өндірісіне қажетті техника мен минералды тыңайтқыштар өндірушілермен байланыс жасалды.

БӨЛІСУ