Мемлекет басшысы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастарда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.
Ардагерлер мен ақсақалдардың бірлік пен келісімді нығайтуға, мәдени – адамгершілік құндылықтарды сақтауға қосқан елеулі үлесі орасан зор.
Олардың өмірлік тәжірибесі, салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы білімдері барлық ұрпақ санасында ерекше орын алады.
Отбасын нығайту, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің басымдық беретін бағыттарының бірі.
Бұл ретте қоғамда әйелдердің орындаушылығы, ұқыптылығы жоғары бағаланады.
Әйелдер кеңесінің жұмысы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын және денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды істерді ілгерілетуге зор үлесін қосары анық.
Облыс прокуратурасы Ардагерлер және Әйелдер кеңесімен меморандум жасасу идеясын көтерді.
Меморандумның негізгі мақсаты – отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу шараларын күшейту, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қауіпсіздігін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдасу және кеңесу түріндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Осыған орай Қызылорда облысы прокуратурасы ғимаратында мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Қызылорда облысының прокуроры Ожаров Ризабек Кәрімұлы, Қызылорда облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шаменов Өмірбек Мөрәліұлы және Әйелдер кеңесінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға үш жақты қол қойылды.
Қызылорда облысының прокуратурасы