“Ұстаз… Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек”,-дейді әл-Фараби.
Сыр өңірінің білім беру саласында ерен еңбегімен елдің есінде қалған ұстаздар аз болған жоқ. Соның бірі зейнеткерлік жасқа дейін айдынды Арал ауданының білім беру саласын басқарып, өз еңбегімен мектеп ұжымына, шәкірттеріне сыйлы болған бірегей болмысты, ұлы ұстаз Оспанов Нұрәлі Сүйіншәліұлының салаға еткен еңбегі ұшан-теңіз.
Бүгін саналы ғұмырын білім саласымен ұштастырған Нұрәлі Сүйіншәліұлының кешіп келе жатқан өмір өнегелерін көпке насихаттау мақсатында “Өмірі өнегемен өрнектелген” атты дара жол кездесу кеші болып өтті.
Кешке басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қатысып, ұлы есімді ұстынына балаған ұлық ұстаздың ұлықтаған ізгі сәтімен құттықтады.
Мерейлі мереке қарсаңында өткен шара барысында Нұрәлі Сүйіншәліұлының егемен еліміздің түкпір- түкпірінде ел игілігіне қызмет етіп жүрген шәкірттері мен ардагер-әріптестері ұстазға деген жылы лебіздерін білдірді.
Саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі болса, ол – ұстаз екені сөзсіз. Осы бір сәтте ұлағатты сөзден ұстазға деген махаббат пен құрметтің биіктігін ұғындық.