Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудан кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге қатысты арнайы мәжіліс өткізді.

Мәжілістің күн тәртібінде шағын және орта кәсіпкерлік саласының даму барысы, салық базасын ұлғайту мен Әйтеке би кентідегі кәсіпкерлік нысандардың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Жиында алдымен аудан аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының даму мәселесі сөз болды. Бұл жайында аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов хабарлама жасады.

Бұл орайда аудан басшысы ауданымыздағы кәсіпкерлікке бағытталған тұрғындарға қайтарымсыз гранттық қаржылар, жеңілдетілген несиелер беру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Алайда мемлекет тарапынан грант қаражатын алып, кәсіп ашып ұзамай кәсібін жауып жатқан тұрғындарда жетерлік. Бұл дегеніміз мемлекет беріп отырған мүмкіндікті басқа мақсатқа жұмсау болып саналды, – деді аудан басшысы. Сондай-ақ аудандық «Мансап» орталығының директоры Болатбек Баймахановқа бұл мәселеге тиісті шараларды уақытында қабылдап, бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар жастарға мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде берілетін 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Мәжілістегі салық базасын ұлғайту мәселесі бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров баяндады. Аудан әкімі салық салу базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардағы кемшіліктерді ортаға салып тиісті сала басшыларына барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, бюджетке қаржы түсіру бағытында бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.

Жиындағы үшінші мәселе ауданданның санитарлық тазалығы, көркейту-көгалдандыру жұмыстары және аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың жай-күйіне қатысты Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов баяндама жасады.

Аудан басшысы тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айтып, бұл бағыттада аудан орталығы мен ауылдық округтердегі бөліністер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ал, Әйтеке би кентінің сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға және қызыл сызықты бұзып тұрған нысандарға мониторинг жүргізіп, тиісті шара қабылдауды тапырды.

БӨЛІСУ