Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Экология жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес мүшелері алдымен Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобаларын талқы салып, өңрдің ерекшелігіне қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Мұнан соң партияның қоғамдық қабылдау бөліміне азаматтардан экологиялық мәселелерге қатысты келіп түскен өтініштердің шешу жолдарын қарады.
Жиынға білім саласы өкілдері де қатысты. Сала мамандарымен білім беру ұйымдарындағы экологиялық тәрбие мен қоқыс қалдықтарын сұрыптап жинауға арналған экобокстарды орнату мәселесі сөз болды. Бұл орайда өңірде қағаз, пластик, шыны қалдықтарын қоқыс полигонына тастамай, тікелей өңдеуге жеткізу қызметімен айналысып отырған «АВГУСТ» ЖК директоры Алмат Маратұлы өз қызметімен таныстырды.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес қаралған әрбір мәселе бойынша ұсыныстар хаттамаланып, кеңес жұмысында қолданылатын болды.
Атап өту керек, өткен жылы экологиялық кеңестің 6 отырысы өтіп, күн тәртібінде 9 мәселе қаралды. Оларда 24 ұсыныс көтерілді. Әрбір ұсыныс тиісті республикалық деңгейдегі мекемелерге, Министрліктерге сондай – ақ, жергілікті атқарушы органдарға, қала, аудан әкімдіктеріне жолданып, нақты жұмыстар жасалды.
Жиынды қорытындылаған Кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов кеңес мүшелеріне партияның Сайлауалды бағдарламасындағы өңірдің экологиялық ахуалын арттырудағы міндеттерді атқаруда зор міндет жүктеліп отырғандығын тілге тиек етіп, қолдан келгенше жұмылып, жұмыс жасауға шақырды.