Ерікті қоныс аудару жобасының
5.3.2. тармағы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару»
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстары, Шымкент, Алматы, Астана, Шымкент қалалары және де «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер өңіраралық ерікті қоныс аударуға шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Қоныс аударғаннан кейін комиссия отырысына қажетті құжаттарды өткізіп, оң шешім алғаннан соң бағдарлама қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Теңгеге шаққанда 258 300әр бір отбасы мүшелеріне беріледі.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде (73 800тенге ай сайын);
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде (92 250 тенге ай сайын);
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді (110 700 тенге ай сайын).
2) тұрғын үйді сатып алуға– экономикалық ұтқырлық сертификатың 50% беріледі, бірақ 1160АЕК– тен (4 280 400 тг) аспайтын сомма.