Қарызсыз қоғам: 1043 азамат қаржылық сауаттылығын арттыру курсынан өтті
Жыл бойына жоспарланған «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинардың бесінші аптасы қорытындыланды.
Бұл аптада Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына қарасты ауылдық елді мекендерден 250 ал жалпы 5 ақпаннан бүгінгі күнге 1043 азамат қаржылық сауаттылығын арттырды.
Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова Қызылорда қаласында апталық білім алған жоба түлектерімен пікірлесіп, оқу семинарынан өткенгін растайтын арнайы сертификатты табыстады.
Атқарушы хатшы жобаның маңыздылығын кеңінен таныстыра отырып, жалпы өңірдегі оқу аясында мамандармен кеңес орталықтарында қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2 азаматқа, банкроттығы бойынша 3 азаматқа консультация беріліп, 8 қатысушыға бизнес-жоспар жазуға көмек көрсетілгендігін атап өтті.
Жобаның мақсатты топтары несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрғандар, ағымдағы несиелері бар және олар бойынша кешіктірулері болуы мүмкін адамдар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, жеңілдетілген несиелер алып, кәсіп бастағысы келетіндер. Оқытудың алғашқы үш күнінде қатысушылар тренердің көмегімен жеке және отбасылық бюджетті құрастыра білуді, тауарлық несиесіз тауарлар мен қызметтерді алу мүмкіндігін, несие мен қарыздың тұзағына түспеу және ипотекаға үй алу жолдарын талдады. Несие нарығын талдап, дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін несиелеу шарттарын түсіне білуді, қамсыз қарттыққа қаржы жинаудың жолдарын үйренді.