Қызылордалық полицейлер демалыс күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері қызметкерлер күшейтілген тәртіпте рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, барлығы 1389 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша 1267, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 122 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, бір апталық рейдтік іс шара барысында 830 хабарлама тіркелді.
Жол қозғалысы – 1267 хаттама толтырылып, 135 автокөлік айып алаңына қойылды. Оның ішінде: алкогольді масаң күйінде -4, көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 36, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған –3 құқық бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық қауіпсіздік – 122 хаттама толтырылды, оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 21 дүкен сатушыларына ҚР ӘҚБтК – нің 200 бабымен шара көрілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 93 ата – анаға ҚР ӘҚБтК – нің 442 бабымен 2 бөлігімен шара көрілді.
Қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында «Аулада қабылдау» акциясы “Құқықтық тәртіп” “Мигрант” “Борышкер” іс — шаралары өткізілуде.

БӨЛІСУ