Бүгін Қазалы ауданының орталығында Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алу үшін мерекелік жәрмеңкеге келген қазалылықтардың қарасы қалың болды.

Жәрмеңкені аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көрді. Сондай-ақ кәсіпкерлермен және тұтынушылармен тілдесіп, ұсынылған өнімнің сапасын көрді.

Бұл күні барлық ауылдардан 17 жүк көлігіне тиелген 80 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Аудан орталығындағы «Нұршуақ» автостанциясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 8 тонна ұн, 500 кг балық, 35 тонна картоп, көкөніс, 200 литр шұбат, 3тонна күріш, 12 тонна жем, 500 кг кондитерлік өнімдер мен 20 бас қой-тоқты шығарылды. Жәрмеңкедегі өнімдер нарыққа бағасына қарағанда 15-20 пайызға төмен болды.

БӨЛІСУ