«Кітап-AMANAT» орталығында тағылымды кездесу өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударып, кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өткен болатын. Осы орайда «AMANAT» партиясы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, жұртшылықты оқуға ынталандыруға, отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған«Кітап –АMANAT» жобасын іске қосып, барлық өңірлерде арнайы «Кітап-Amanat» орталықтарын ашқан болатын.

Бүгін қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай партияның облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ-ның белсенділері «Кітап-Amanat» орталығында «Балалар әдебиетінің көкжиегі» тақырыбында саналы ғұмырын Сыр өңірінің педагогика саласын дамытуға жұмсаған, педагогика ғылымдарының докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева және Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітовамен кездесу өткізді.

Онда олардың шығармаларымен танысып, балаға бағыт-бағдар беру, кітап оқуға баулу, балалар әдебиетін дамыту және басқа да мәселелер жөнінде талқылады.

Өз кезегінде сөз алған Рахат Наурызбаева жалпы «Кітап –АMANAT» орталығы жұмысын оң бағалады. Сонымен қатар өз шығармасы, балалар әдебиетіне қалай келгені, кітап пен баспа нарығының оң мен теріс тұстары жөнінде кеңінен айтып берді.

БӨЛІСУ