Бүгін облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов пен аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу бағытында мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан прокурорының орынбасары, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҮЕҰ өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов сөз алып, құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттілігін айтып, аудандағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және топтық төбелестің алдын алу мәселелерін талқылады.

Мәжіліс барысында ашық пікір алмасулар, ұсыныс-пікірлер тыңдалып, көтерілген мәселелер назарға алдынды.

БӨЛІСУ