Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, денсаулық мәселесі және жұмыспен қамту бағытындағы сұрақтарын жеткізді.

Әр тұрғынның көкейіндегі өтінішіне жекелей назар аударған аудан басшысы әр сауал негізінде жауапты сала мамандарымен талдау жасай отырып, заң шеңберінде шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

2023 жылдың 12 айында ауданда қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында 12,5 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өсім 177,7пайызды құраса, 29740 шаршы метртұрғын үй пайдалануға берілді. (2022 жылдың 12 айында 28378 шаршы метр)

Өткен жылы 14,1 млрд теңгеге 58жоба іске асырылды.  Ауданымызда Арал қаласы мен Жақсықылыш кенті табиғи газдың игілігін пайдаланып отырса, өткен жылы 1,8 млрд теңгеге Сексеуіл кентінде АГТС орнатылып, «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бастап құбыр тармағы мен кварталішілік газ тарату желілері салынуда. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, Арал қаласыныңжаңадан пайда болған №4 мөлтек ауданы газдандырылатын болады. Осылайша елді мекендерде тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 35,1 пайызға көтеріледі. Әлеуметтік сала нысандары да кезең-кезеңмен көгілдір отынға қосылып келе жатыр, өткен жылы жоба құны 235,6 млн теңгеге 3 нысан қазандықтары (Жақсықылыш кентінің амбулаториясы, аудандық  перзентхана, аудандық өкпе аурулары диспансерінің ғимараттары) қайта жаңғыртудан өтуде.

Ауыз су мәселесі бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткенжылы 363,2 млн теңгеге Арал қаласының №8, №6, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы, Көктем елді мекенітолықтай Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылса, 442,6 млн теңгегеАрал қаласының №6, №8, №5, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы толықтай электр желілеріне қосылды. Сондай-ақ, Құланды елді мекеніне 17,5 млн теңгеге су тұщытатын блокмодуль қойылды. Ал халық саны өте аз Мойнақ ауылына демеушілер есебінен шахталық құдық қазылып берілді. Бұл өз кезегінде елді мекендердің сапалы ауыз сумен қамтылу дейгейін 88,6 пайызғакөтерді.

Арал  қаласының 34 көшесі жарықтандырылды.

Арал  қаласы  мен  Жақсықылыш  кентінің  жаңадан  пайда  болған  мөлтек  аудандарына  инфрақұрылым  жүргізу  арқылы жер телімі кезегінде тұрған 881адамның өтініші  қанағаттандырылады.

Бұдан бөлек, «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына пәтерлер сатып алуға 1млрд. 56 млн. теңге қаржы бөлініп, тұрғын  үй  кезегінде  тұрған  100 азаматқатабысталды.

БӨЛІСУ