2024 жылдың 13 наурызында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаевтың төрағалығымен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласынағы өзекті мәселелер» туралы мәжіліс өтті.
Мәжіліске басқарма қызметкерлері, Қызылорда қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары мен Еңбек мобильділігі орталығы, Мансап орталықтарының директорлары қатысты.
2024 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде және облыс әкімінің төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде әлеуметтік қорғау саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.
Ғабит Жұмабекұлы мәжілісті аталған тапсырмалардың орындалу барысы және бүгінгі күнгі нақты жұмыстардың жүргізілуінен бастады. Әлеуметтік қорғау саласында индикаторлардың орындалуы облыстың рейтингіне тікелей әсер ететін көрсеткіштер екендігін, жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Басқарма басшысы Ғ. Жаңабаев әр аудандық бөлім басшыларының, орталық директорларының пікірлерін тыңдады.
Мәжіліс қорытындысымен жұмыссыздық деңгейінің көрсеткішіне теріс әсер ететін факторларды болдырмау, әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж адамдарға берілуі үшін жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалтудың жеке бағдарламасын орындау, инфрақұрылымдық нысандарды бейімдеуді мерзімінде аяқтау, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өзектендіру туралы нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар пробация жұмыстарын үйлестіру, жастардың кәсібін қолдау үшін 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген шағын несие беру жұмыстарын жалғастыруды және Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы» салаға қатысты индикаторларды толық орындауды тапсырды.