Университетінде (NU) Жоғары білім беру мектебі мен Финляндияның HAMK және JAMK университеттерінің сарапшылары мен қызметкерлері мен ауыл мектептерінің директорларына арналған «Білім берудегі көшбасшылық» үшінші біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізуде.
Жоғары оқу орындарының 200 өкілі және ауыл мектептерінің 50 директоры білім берудегі соңғы тенденциялар туралы білім алып, инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыруды, жаңа технологияларды қолдануды, болашаққа деген көзқарасты дамытуды және нәтижеге бағдарлану мәселелерін шешуді үйренеді.
Іс-шараны ашу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Назарбаев Университетінің білім беру жүйесіне көшбасшыларды даярлаудағы үлесін ерекше атап кетті.
«Осы сәтте кафедра меңгерушілері, факультет декандары, оқу бөлімдерінің меңгерушілері және мектеп директорлары болашақта жаңа көшбасшылар болады деп сенемін», — деді ол.
NU -дағы интенсивті курста халықаралық және қазақстандық сарапшылар Пиа Колхо, Эсси Рюмин, Йоханна Эрлинг, Ари Покка және Қайрат Құрақбаев келесі тақырыптарды қозғады: көшбасшылыққа идеялар мен тәсілдерді генерациялау/қалыптастыру; білім берудегі көшбасшылықта жаңа технологияларды қолдану; болашақ туралы түсініктерді қалыптастыру; нәтижеге баса назар аудара отырып, мәселелерді шешу; әріптестер тарапынан қолдауды қамтамасыз ету.
Апта бойы қатысушылар сарапшылармен бірге өздерінің білім беру рөліне сәйкес бейімделген тапсырмаларды орындап, қорытынды жобамен жұмыс істейді. Аталған жоба 2 бөлімнен тұрады, оның әрқайсысына бейімделген жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың өзіндік жол картасы әзірленді. Жоғары оқу орындарының басшылары үшін: Болашақ көзқарасқа сәйкес персонал мен ресурстарды басқаруға назар аудару. Негізгі мақсаты — қолайлы білім беру және жұмыс ортасын құру, уақытша ресурстарды қамтамасыз ету және «Білім беруді жаңғырту» жобасының реформасын және мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты іске асыру үшін белсенді процесті құру. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жоғары оқу орындарының департаменттерінің өкілдері үшін: Жаңа білім беру бағдарламасының қағидаттарына сәйкес келетін сапаны үздіксіз ішкі бағалау процесін құруға баса назар аудару. Өзгерістерді жалпы түсіну үшін педагогикалық білім беру факультеттерімен ынтымақтастық жоспарын әзірлеу маңызды аспект болып табылады.
«Тренингте талқыланып жатқан өзекті мәселенің бірі – мектеп пен университет арасындағы байланыс, біз бұл мәселені шешудің жолдарын іздестіруде, талқылап, ой бөлісіп жатырмыз. Тренинг үлкен жобалық жұмысты әзірлеумен мамыр айында аяқталады, біз жүйелі түрде тапсырмаларды орындаймыз. Мен оқу бөлімінде жұмыс істеймін, бұл оқу үдерісін басқару, жетекшілік ету және ұйымдастыру, сондықтан менің мақсатым – құнды тәжірибе жинақтау, содан кейін оны өз жұмысымда қолдану», — деп атап өтті Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің өкілі Жұмагүл Қарабаева.
Айта кету керек, тренингтер Дүниежүзілік банктің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» ауқымды жобасы аясында өткізілуде. 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жоғары оқу орындары мен мектептердің 2150 маманын қамту жоспарлануда.