Экологиялық мәселелерді кешенді шешу және жағдайды жақсарту мақсатында Қызылорда облысының әкімідігі және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітілген болатын.
Жол картасы 7 бөлімнен, 52 тармақтан (іс-шаралардан) құралған.
2021-2023 жылдары және есепті кезеңде орындалуы тиіс 52 іс-шараның бүгінгі күні 18 іс-шарасы толығымен орындалған, 34 іс-шара белгіленген мерзімінде орындалуда.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар көлемінің азаюына қол жеткізілді.
Облыстағы 7 полигон экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілді.
Соңғы 3 жылда Қызылорда облысында жаңадан 2 полигон, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынған Қызылорда қаласында сұрыптау кешені бар полигон және Арал қаласындағы жаңа полигон құрылыстары жүргізілді.
Үш аудан орталықтарында (Жалағаш, Сырдария және Шиелі) жаңа полигондардың жобалау құжаттары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жол картасын жүзеге асыру аясында Қызылорда қаласының негізгі экологиялық мәселелерің бірі болып табылатын – №6 жылу электр орталығының күл қалдықтарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, күл қалдықтары «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің зауытына шикізат ретінде кезең-кезеңімен цемент шығару өндірісіне пайдалануда.
Сондай-ақ, Жол картасына енгізілген мәселе Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 70,0 мың текше метр сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясын жаңғырту бойынша 2023 жылға жобаны жалғастыруға республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Жалпы, Қызылорда облысының негізгі экологиялық мәселелері Жол картасында толығымен қамтылған.
Жол картасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы және мүдделі мемлекеттік органдардан жинақталған ақпараттарға талдау жүргізіліп, тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есеп беріліп келеді.

БӨЛІСУ