Тереңөзек кентінде жоба құны 204,5 млн.теңгені құрайтын Ғ.Мұратбаев көшесі, Ш.Құндызбаев көшесі, О.Абдулпаттаев көшесі, Тоғанас батыр көшесі, Қазақ көшесі, И.Тоқтыбаев көшесі бойындағы су құбыры желісінің құрылысы» бойынша 2023 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық және облыстық бюджеттен 101,6 млн.теңге қаржы бөлініп, «Жаңарту» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 87,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауыз су құбырының жалпы ұзындығы — 3396 метр.

Сонымен қатар, жоба құны 103,4 млн. теңгені құрайтын «Тереңөзек кентінің А.Құнанбаев көшесі, Жамбыл көшесі, Жеңістің 50 жылдығы көшесі, А.Алиакбаров көшесі бойындағы су құбыры желісінің құрылысы» бойынша 2023 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 76,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Жаңарту» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілді және 2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 20,9 млн. теңге бөлінді.

Барлық жұмыстар ағымдағы жылы толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
1,5 млрд. теңгеге Аманкелді, Айдарлы, Жетікөл және Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлары толық жаңартылды.

Аудан тұрғындары  орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Дегенмен, ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
704,5 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған ауылдарында 14,2 шақырымды құрайтын су құбырлары жаңартылуда. Бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізе береміз.

Сонымен бірге, Тереңөзек, Шаған, Іңкәрдария, С.Сейфуллин елді мекендерінде 5 су мұнарасыжаңадан орнатылды.

Атап өтетін жағдай, аудан орталығы табиғи газбен толық қамтамасыз етілсе, елді мекендерде газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 330,6 млн. теңгеге Қалжан ахун ауылына газдандыру жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Нәтижесінде, ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызға жетті.

Сондай-ақ, 2023 жылы С.Сейфуллин мен А.Тоқмағамбетов ауылдарында газдандыру жұмыстары басталып, биыл табиғи газға қосылады деп жоспарлануда. Осы жұмыстар жүзеге асқанда ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 43 пайызды құрайтын болады.

Ауданда өткен жылы құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Оның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыстар атқарылды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»бағдарламасы аясында бюджет көздерінен 796,8 млн. теңгеге Тереңөзек кентінен жапсарлас 80 тұрғын үй сатып алынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Жетікөл елді мекенінде 3 бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысына аудандық бюджеттен 30,4 млн. теңге бөлініп, көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.

БӨЛІСУ