Қызылордада отбасы жанжалын шығарған ер азамат жауапкершілікке тартылды.

9 наурыз күні сағат 18:35 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел 102 арнасына отбасы жанжалы болуда деген хабарлама келіп түскен болатын.
Аталған мекен-жайға аймақтық учаскелік полиция инспекторлары барып, отбасы жанжалының орын алғанын анықтағанда нәтижесінде Ғ есімді азамат алкогольдік ішімдікті шамадан тыс пайдаланып, заңды некедегі жұбайына ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық танытқан.
Аталған оқиғаға байланысты учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі /Құқық бұзушымен отбасы тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу/ және 434 бабының 1 бөлігімен хатттама рәсімделіп, соттың қаулысымен 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жыл басынан бері алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 827 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты.

БӨЛІСУ