Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Омаров Оралбек Полиция департаментінің аппараты және қала, аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлерінен аттестаттау қабылдады. Жалпы 84 қызметкер “Құқық қорғау қызметі туралы” Заңына сәйкес кезекті аттестаттаудан өтті.
Аттестаттау қызметкерлер үшін әрбір үш жыл сайын өткізіледі және оның басты мақсаты қызметкердің кәсіби деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады. Осы өткізілген аттестаттау барысында қызметкерлердің білімі, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы, жұмыс көрсеткіштері, тәртібі ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жылдың басында өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы «Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді» деді. Осы орайда, біз кәсіби кадр резервін жасақтау мақсатында қызметкерлерді аттестаттау өткізуді бастадық. Қазіргі уақытта барлық және қала аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлер денешынықтыру, атыс даярлығы бойынша және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша сынақтан өтуде. Яғни кәсіби жарамдылықты анықтау бойынша тиісті нормативтерді тапсырады.
Аттестаттаудың қорытындысы бойынша өз қызметіне адал, кәсіби деңгейі жоғары мамандардан тұратын сапалы кадрлық резерв қалыптаспақ» деді Омаров Оралбек .
2024-03-13