Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыру — өзекті мәселе.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу және құқықтық насихаттау жұмыстарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыру — өзекті мәселе» тақырыбында қаламыздағы Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейінің жас мұғалімдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтпенбетов Болатбек Серікбайұлы мен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатқызы және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Абдрасилов Нұрман Мүсілімұлы қатысты.

Келген қонақтар Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлықпен күрестің бірден бір жолы «Сананы» өзгерту туралы айтты.

Одан әрі, жас мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

БӨЛІСУ