Ағымдағы жылы Жалағаш ауданындағы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы: оқу-тәрбие үдерісіндегі «Үштік одақ» ынтымақтастығының тиімділігі тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Семинарға барлық аудандардан директордың тәрбие орынбасары мен сынып жетекшілер қатысты.
Семинар барысында ең алдымен қонақтар «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы бойынша көрмемен танысты.
«Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» атты І бөлімде мектепте жүргізілетін «Оқуға құштар», «Еңбегі ерен жас өрен», «Дебат клубы», «Ата-аналар мектебі» жобалары бойынша «библиофреш», «talk like», «пікірталас», тренинг жұмыстарынтамашалап, «сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» атты ІІ бөлімде сыныппен жүргізілген түрлі тақырыптағы тренингтік, зерттеу сабақтарына, спорттық дода мен танымдық сағатына қатысты.
«Құндылықтар – отбасы бағытының негізі» атты ІІІ бөлімде «Даналық мектебі» аясында жүргізілетін «Әкелер, жеңгелер, аталар, әжелермен жүргізілген өнеге сағаты, шеберлік сағаты, танымдық кездесу, дөңгелек үстел шараларына қатысып, өзара пікір алмасты.
Облыстық семинарды «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Досаев Фархат Лиясұлы кері байланыс жасап қорытындылады.

БӨЛІСУ