Өңірде өндірістік жобаларға да басымдық беріліп келеді.

Атап айтқанда, Жалағаш ауданында 2023 жылы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.

Біріншісі: «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». Қазіргі таңда ферма құрылысы толық аяқталып, Чехия мемлекетінен 96 бас «Симентал» тұқымдысүтті ірі қара малдары алынды.

Жоба тәулігіне 3000 литр сүт өңдеп, өнім шығарады. Жоба аясында 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Екіншісі: «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты.

Жоба толықтай іске қосылды. Тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіруде. Жоба аясында 5 адам жұмыспен қкмтылмақ.

Ауылдарды дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Елді мекенинфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту бойынша«Ауыл Аманаты» жобасы аясында аудан бойынша 179,7 млн. теңгені құрайтын                22 жоба қаржыландырылды.

Биылғы жылы аталған жоба бойынша 381млн. теңгенің несие қаражатын алу жоспарымызда бар. Несие қаражаттары негізінен асыл тұқымды мал шаруашылығы мен өңдеу саласына бағытталатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша жалпы құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылатын болады.

Біріншісі, жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны 500,0 млн. теңгеболатын «Күріш ақтау және жем өндіру»жобасы. Жоба аясында 20 жаңа жұмыс орны құрылады.

Екіншісі, «UNO-PROF Строй» ЖШС-ніңжеке қаражаты есебінен жалпы құны 500,0 млн. тенгені құрайтын «Асфальт өндіру зауыты» жобасы. Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 800 тонна асфальт өндіріліп, 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды фактор – сапалы инфрақұрылым, баспанамен қамту.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 51 тұрғын үй сатып алуға              538,6 млн. теңге бөлініп, жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан салынған үйлер тұрғындарға пайдалануға берілді.        

Соңғы жылдары жол құрылысы қарқын алып, сапасы сын көтермейтін елдімекендердің ішкі көшелері күрделі және орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ, елдімекендерді ауданмен байланыстыратын жол да назардан тыс қалмады. Өткен жылы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 10 жобаны іске асырды.

Анықтама ретінде:

1. Жаңаталап – Аққыр автомобиль жолын жөндеу – 655,3 млн.

2. Аламесек – Жаңадария автомобиль жолын жөндеу – 256,4 млн.

3. Ақсу елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын жөндеу – 73,3 млн.

4. Жалағаш кенті М.Шаменов, Т.Қыстаубаев көшелеріне күрделі жөндеу480 млн.

5. Аққұм елді мекенінің 10 көшесін күрделі жөндеу55,5 млн.

6. М.Шаменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеу59,6 млн.

7. Бұқарбай батыр ауылындағы 3 көшені орташа жөндеу181,6 млн.

8. Еңбек ауылындағы 3 көшені көшесін орташа жөндеу2,0 млн.

9. Жалағаш кентіндегі 10 көшені күрделі жөндеу – 749,7 млн.

10. Мақпалкөл елді мекеніндегі Т.Жүргенов көшесіне тас төсеу 15,0 млн.

Оның 984,9 млн. теңгесіне Есет батыр-Жаңадария бағыты, Жаңаталап-Аққырбағытындағы және Ақсу ауылына кіреберіс аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

1,5 млрд. теңге Жалағаш кенті және 5 елді мекеннің                20 көшесіне жөндеу жұмыстарына жұмсалды.

Бұл жұмыстар толық аяқталып, 177,8шақырым жолдың мәселесі толық шешілді.

2023 жылы аудан тұрғындарының көп жылдар бойы көтерген мәселелерінің бірі –теміржол өткелі. Аймақ басшысының қолдауымен құны 325,4 млн. теңгені құрайтын аспалы көпір ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Сырдария өзені арқылы өтетін «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолындағы көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы аудандық маңыздағы 3автомобиль жолын (8,1 шқ, М.Шәменов ауылына кіре беріс, Таң-Жаңақоныс, Таң-Самұрат жлдары) және 3 елді мекендегі (Бұқарбай батыр-11 көше, Аққұм -10 көше, Аламесек – 5 көше)                     26 көшелерді (17,1 шқ) жөндеуге бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді (Республикалық бюджеттен 50,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 1,55 млрд. теңге). Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңыздағы жолдардың үлесі 93,4пайызға, ішкі жолдардың үлесі 85,0 пайызға жететін болады.

БӨЛІСУ