Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан студенттер тобы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбе қаласында колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражатты алғаннан кейін ұсталды. Адамдар тобы болып жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мүндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

БӨЛІСУ