Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Нұржан Ахатов Шиелі ауданына арнайы келген облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановпен бірге ақжаулықты аналардың отбасыларына барып, аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының ыстық ықыласы мен мерекелік сый – сияпатын жеткізді.
Аудан әкімі алдымен білім саласының ардагерлері Ұлтай Әуелбекқызы мен Дәмегүл Әлібайқызын және Шиелі ауданының “Құрметті азаматы” Бибіжан Жәукебаеваның шаңырағына ат басын бұрып, білім саласының дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан аналардың еңбегі ешқашан ұмыт болмайтындығын жеткізді. Өз кезегінде кейуаналар ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсеткен қос азаматқа ризашылығын білдірді.
Мұнан соң, аудан басшысы тыл ардагерлері 97 жастағы Ауаш Еспанова мен 94 жастағы тыл ардагері Күлсін Төлегенованы төл мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі өз сөзінде «Қарттарымыз қазынамыз. Біз әрдайым сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді жадымыздан шығармаймыз. Сіздердің өмір жолдарыңызды әрдайым бүгінгі буынға өнеге етіп келеміз. Бүгінгі өздеріңіз арқылы барша ауданның ақжаулықты аналары мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаудамыз»,- деді.
Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген кейуаналар елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Нұржан Ахатов және аудан әкімінің орынбасарлары Болатбек Ысмағұлов пен Ерсұлтан Апетов аналардың отбасыларына барып, облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының ыстық ықыласы толы құттықтауы мен мерекелік сый-сияпатын табыстады.
Аудан әкімі 97 жастағы “Алтын алқа” иегері Ауаш Еспанованы 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Ал, 96 жастағы тыл ардагері Майра Бірімжанованы аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтаса, 89 жастағы тыл ардагері, 7 баланың анасы, “Алтын алқа” иегері жуантөбелік Наужан Бекайдарованы аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов арнайы құттықтап, шаңырағына барды.