Бүгін арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы гүл көктемнің ең жүрекке жылы мерекесі 8 наурыз Халықарық əйелдер күні мейрамын атап өтті.
Нəзік жанды аруларды құттықтап, ізгі тілектерін білдіруге Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Болатханқызы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының əлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің басшысы Светлана Игібайқызы, Мүгедектерге арналған оңалту орталығының директоры Манат Бектемірқызы келді.
Шарада əлеуметтік салада абыроймен еңбек етіп, көптің алғысына бөленген қызметкерлер Қызылорда облысы əкімі Н.М.Нəлібаевтың, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ғ.Жаңабаевтың жəне Арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының директоры Е.Қалымбетовтың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, аруларға сый-сияпаттар табысталып, шара əрі қарай мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.