2024 жылдың 23 ақпаны күні Арал ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, құрыш қазақ ақыны Зейнолла Шүкіровтің асқақ рухты поэзиясын жас ұрпаққа насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, поэзияға деген құрмет сезімдерін арттыру мақсатында аудандық жыр мүшәйрасы ZOOM платформасы арқылы қашықтан өткізілді.

Мүшәйра ережесіне байланысты қатысушылар ақынға арнаған туындысын және еркін тақырыптағы бір өлеңін жатқа оқыды.
Жас ақындардың дауыс мәнері мен тілі тазалығы, ой ұшқырлығы, ұйқас үйлесімділігі, әдеби тіл қолданысы бағаланды.
Мүшәйрада ақын атындағы №20 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Тастыбай Фатима бас жүлдені иеленді.
№76 негізгі мектептің 9-сынып оқушысы Жеңісұлы Нұрматбек 1-орын иесі атанды.
2-орынды №260 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Айбекұлы Алдияр, №71 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Алдабергенова Айша, №248 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жанұзақ Нұрай; 3-орынды №14 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Жомартбекқызы Інжу, №67 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жөкенова Диана, №62 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Жалғасова Әсел, №262 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Жұмабаева Айзере, №72 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Өтеген Нұрислам алды.
Қайсар жүректі, асқақ рухты ақын Зейнолла Шүкіровтің ақынжанды ұрпақтары қаламгер жолын жалғастыра бермек.

БӨЛІСУ