Қазақстанда инклюзивті білім берудің үздіксіз жүйесінің ұлттық моделі енгізіледі.
Бүгінде еліміздегі мектептердің 86%-дан астамында инклюзивті білім алу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл туралы БҰҰ-ның Женевадағы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 мыңнан астам бала бар. Олар үшін арнайы білім беру ұйымдарының желісі құрылған. Атап айтқанда, 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 99 ПМПК, 212 ППТК, 10 аутизм орталығы және 13 оңалту орталығы бар. Ал қалған балалар инклюзия жағдайында жалпы білім беретін мектептерде оқиды. 2023 жылы қарашада Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы саясатты іске асыру мақсатында Арнайы және инклюзивті білім беру департаменті құрылды.