Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы комиссия жанынан құрылған мониторинг топпен бірге Талсуат елді мекенінде орналасқан балаларды оңалту орталығында болып, санитарлық жағдайы мен ондағы балалардың жай – күйін білу мақсатында мониторинг жүргізді.

Атап өтейік, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқушылығы бар және тірек қимыл қозғалысы бұзылған балаларға арналған орталық. Орталық 130 төсек орынға арналған. Бүгінгі таңда 113 бала қызмет алады. Олардың 53 –і стационарлық жағдайда арасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 23 қызмет алушы бар, жартылай стационарлық жағдайда – 60 бала арнаулы әлеуметтік қызметтер алуда.

Мониторингтік топ ең алдымен ғимараттың тазалығы, бейне бақылау камераларының дұрыс орналасуы мен жұмыс жасауына көз жетікізді.

Орталық жалпы бейне камералармен жабдықталған. Алайда орталық директоры Ерлан Қалымбетов орталыққа қызмет көрсетуге арналған қосымша бөлмелердің қосылуына орай, қосымша 23 бейне бақылау камерасының қажеттігін алға тартты.

Мұнан соң топ өкілдері емдік дене шынықтыру бөлмесі, ойын терапиялары, сенсорлық және интерактивті бөлмелерінің балалар үшін тиімді жабдықталуы, балалардың жатын орындары мен асханадағы санитарлық талап, ас мәзірі, азық-түлік сертификаттың болуы, гигиеналық құрал-жабдықтардың болуы, мамандар жеткіліктігі барлығын бағамдап шықты.

Өңірде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1992 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. 2012 жылы заманауи талаптарға сай ғимаратқа көшірілген. Мониторинг барысында орталық директоры 10 жылдан астам уақыт өткендіктен, материалдық-техникалық базасын жақсарту және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауға яғни, нейро-ортопедиялық оңалтуға арналған пневматикалық костюм, плантарлы тірек жүктеме симуляторы, робби тірегіш, ваннаға арналған көтергіш-құрал-жабдықтарын сатып алу үшін бюджеттік өтінім берілгендігін тілге тиек етті.

Партиялық мониторингтік топ әрбір ұсынысты назарға алып, балалар болашағы мен қауіпсіздігі үшін партияның назарында болатындығын жеткізді.

БӨЛІСУ