Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Б.Сандыбаев, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Досжан,

облыстық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Қалиев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының облыстық газ инфрақұрылымын дамыту және өндірістік қауіпсіздікті мониторингілеу бөлімінің басшысы Қ.Сейтханов
және тиісті сала мамандары Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының тұрғындарын газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.
Аталмыш газ құбырының ұзындығы – 51 км құрайды. Мұндағы халық саны – 4520 адам.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деген болатын. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, газдандыру, ауылды жандандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүйелі іске асырылып, жалғасын табатын болады. Міне, бүгінде Төменарық ауылының тұрғындары көгілдір отынға қосылмақ. Елдің көптен күткен тілегі орындалып, халық қуанышы еселене түсетін күн де алыс емес.

БӨЛІСУ