«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бейне байланыс арқылы бірқатар бастауыш ұйым төрағаларымен жиын өткізді. Онда бастауыш ұйымдардың өткен жылғы жұмыстары сараланып, ұсыныстары тыңдалды.

Бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір аманаттықпен етене жұмыс істейтін құрылым. Бүгінде партияның облыстық филиалына қарасты 206 бастауыш партия ұйымы бар. Оның ішінде 500-ден астам мүшесі бар 11 ірі бастауыш ұйым тіркелген. Оларда 6 504 жуық партия мүшелері топтасқан.

Жиын барысында партия Хатшысы жалпы филиалдың, сонымен қатар бастауыш партия ұйымдарының жұмысына оң бағасын беріп, бастауыш ұйымдар алдындағы бірқатар міндеттерді атап өтті.

«Партияның Орталық аппараты тарапынан аймақтық және аумақтық филиалдардың жұмысына үнемі мониторинг жұмыстары жасалып отырады. Сондай талдау бастауыш ұйымдар жұмысына да жүргізіледі. Жасап жатқан жұмыстарыңызды бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерден де көріп отырмыз. Жақсы жұмыс бар. Сыр өңірінде бастауыш ұйымдар мен филиалдардың, филиалдың жергілікті атқарушы органдарымен арасында жақсы байланыс орнатылған. Бұл халықтың әл ауқатын арттыруға бағытталған ортақ жұмыстарды жүйелі жүзеге асыруда оң ықпал ететіндігі сөзсіз. Бастауыш ұйымдар жергілікті жердегі партияның үлкен күші болғандықтан, Сайлауалды бағдарламаның орындалуына партиялық бақылау жүргізуге ат салысуға, резонанстық мәселелерді алдын-ала өз алаңдарыңдарыңызда талықылауды және партия тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды халыққа кеңінен насихаттауда мұнан да белсенді жұмыс жасауға шақырамын»,- деді партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Партия Хатшысы сондай-ақ бүгінгі күні бастауыш ұйымдардың қоғамдағы рөлін арттыру, ұйымның белсенді мүшелерінен кадрлық резерв жасақтап, оларды жоғары қызметтерге ілгерілету, бастауыш ұйымдарының республикалық форумын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жасалып жатқандығын да тілге тиек етті.

Жалпы партияның Орталық аппараты және аймақтық филиалдармен байланысы жақсы жолға қойылған. Бұған дейін партия Төрағасы, Атқарушы хатшы, партия Хатшыларының төрағалығымен арнайы жиындар өтіп, партияның аймақтық филиалдары мен партиялық бақылау комисиялары төрағаларының есептері тыңдалып, алдағы міндеттер пысықталған болатын.

БӨЛІСУ