№10 сайлау округінен сайланған депутат Төлеген Бауыржан Төлегенұлы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес өз сайлау округіне қарасты Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде болып, білім ұйымындағы қауіпсіздік, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және басқа да басқа да мәселелерді назарға алды.
Кездесу барысында мектеп мұғалімдері мен ата-аналар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар берілді:
– «Ақмешіт» шағын ауданындағы №21-24 үйлер арасында 150 метр жерге асфальт салу;
– «Ақмешіт» шағын ауданындағы № № 21,22,24 үйлердің аулаларында ойын алаңын салу;
– «Ақмешіт» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларын түнгі жарықтандыру;
– №136 мектеп-лицей маңына спорттық-жаттықтыру алаңын салу;
– «Ақмешіт» шағын ауданындағы № 23 тұрғын үй ауласынадағы жол жиектеріне (бордюр) жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– «Мерей», «Ақмешіт» тұрғын аудандарындағы жаз мезгілінде тұрғындардың және балалардың күндізгі уақыттарда демалуына жағдай жасау (көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарын жүргізу);
– Оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында оқу ауысымында полиция қызметкелерін кезекшілікке қою.
Сонымен қатар, кездесу барысында депутат Б.Төлеген мектептің асхана жағдайымен танысып, санитарлық нормалардың сақталуына қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.
Кездесу барысында мектепке жүргізілген жұмыстар: бейнебақылау камераларының орнатылуы, спорт алаңын салынуы, еңбекке баулу сабағына сатып алынған станоктарға бейнешолу жасалып, таныстырылды.
Мектеп ұстаздары мен ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін табу мәселесі бойынша мәслихат депутаты тиісті мекемелермен бірлесе жұмыстар жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ