Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Жетікөл ауылынан 20 шақырым жерде Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының тұрғыны кесуге тыйым салынған сексеуіл ағашын сындырып тиеп жатқан жерінен тоқтатылды.
Тексеру барысында мемлекеттік белгісі жоқ Зил жүккөлігіне тиелген сексеуіл ағашының көлемі 7,68 текше метр екені белгілі болды. Заң бұзушы ауыл тұрғыны мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай қарсылық танытып, түсініктеме беруден бас тартты. 102 арнасына қоңырау шалып полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, мекеме теңгеріміндегі Беларусь м/б 216 AKD тракторына темір қатты тросспен тартып сағат 03:00 де Қызылорда қаласының айып тұрағына әкеліп, акт, баянатпен Айдарлы ауылының учаскелік полиция қызметкеріне тапсырылды.
Қазіргі уақытта мекеме қызметкерлері заң бұзушының сексеуіл ағаштарын нақты қай жерден сындырғанын анықтау жұмыстарын жүргізу үшін Зил жүккөлігінің ізін кесу арқылы жүргізіп, мекемеге қарасты Ақтөбе орманшылығының 86 орамы 19 телімінен ұзындығы 52 метр тросс анықталды. Осыған байланысты Сырдария АПБ-не тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, тиісті шешім қабылдау үшін жолданды!