1 наурыз ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 20 шақырым жерде Қ.Сәтбаев каналынан 1985 жылы туған балықшының денесін шығарды. Балықшының денесін құтқарушыларға балықшылар көріп, хабарлаған.
Естеріңізге сала кетейік, 3 ақпан күні Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға құлап кеткен болатын. Екі балықшы шығып үлгерген. Көлік өзеннің түбінен табылғанымен, үшінші балықшы ішінде болмаған. Іздестіру жұмыстары үш күн бойы сүңгуір жабдықтары мен су астындағы қашықтықтан басқарылатын тексеру кешенін қолдану арқылы жүргізілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.