Қасанов Айдар: «Адамдарға көмектесу – біздің тікелей міндетіміз»

1 наурыз –«Алғыс айту» күніне орай, жылдағы үрдіспен Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бас полицейі Айдар Демегенұлы және басшылық құрам Қызылорда облыстық қан орталығына барып, қызылордалықтардың өмірі мен денсаулығын құтқаруға өз үлесін қосқан ерікті донор болды. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған бірінші қайырымдылық акциясы емес.
«Бір донор-бір өмір» деп бекер айтылмаған және полиция қызметкерлерінің бұл іс-әрекеттері біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
-« Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі. Өз елінің адал азаматтары ретінде, полиция қызметкерлері ауруханалық төсекте қайғыға душар болған адамдарға тек қана денсаулық тілейді. Бұндай іс-шарадан қалыс қалғымыз келмейді, себебі адамдарға көмектесу – біздің тікелей міндетіміз» .
​Дәрігерлер полицейлерді мінсіз донор екендігін бірнеше рет атап өтті. Себебі олар денсаулығына жіті көңіл бөліп, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұратындарын алға тартты.
– «Біз полиция басқармасының барлық донорларына шын жүректен алғыс айтамыз! Барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, жоғары гемоглобин және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жақсы үлгі көрсеткендері үшін рақмет! Біздің донорларымызға амандық пен табыс тілейміз!, – деді қан орталығының директоры Игембаев Серік Қуандықұлы.
​Акцияға қатысып, «Қан тапсырған – біреудің өмірін құтқарады» – деген ойға келген полицейлер жұмыс орындарына қоғамдық тәртіп пен қаланың жол қауіпсіздігін сақтауға аттанды.

БӨЛІСУ