Әли Мүсілімов атындағы 101 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Гүлназ Тағыберген Сыр елінің брендіне айналған күріш өнімінен эко сабын жасауды ойлап тауып, қолданысқа енгізді.
Озық ойлы оқушының бұл туындысы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен сәтті өтті. Келесі кезекте Гүлназ 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында Тараз қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынамайтын болады.
Оқушының айтуынша, күріштің құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер өте көп. Экосабын — тері күтіміндегі ең танымал және сәтті рецепттердің бірі болмақ. Оның құрамында табиғи және қымбат емес ингредиенттер бар және үлкен инвестицияны қажет ететін тері күтімі өнімдеріне тамаша балама.