Қызылорда облысы ТЖД кезекшісіне Болашақ медициналық колледжінің жатақханасында азаматшаның сақина тағылған саусағы ісіп кетіп, сақинаны шығара алмай жатқандығы жөнінде хабар түскен. Аталмыш хабарламаға орай құтқарушылар шақырылған мекен-жайға дереу жетіп, жағдайды анықтады. Арнайы кесу құралдарын қолдана отырып, құтқарушылар оның саусағынан сақинаны алды. Денсаулығына зақым келген жоқ. Сау басқа да, сау қолға да сақина оңай емес.
2024-02-29