ЖАРҚАНАТТАН ҚОРҚАСЫЗ БА?

«Жедел құтқару жасағына» неше түрлі хабарлама келеді. Сондай ерекше қоңыраудың бірі
26 ақпанда Қызылорда қаласы С. Боханов көшесі №4 үйден түскен. Үй ішіне жарқанат кіріп кеткендігін және оны сыртқа шығару қажеттігі жөнінде. Хабарлама беруші 1992 жылы туған азаматша.  Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шақырылған мекенжайға жетіп, жағдайды анықтады. Жарқанатты жатын бөлмеден тауып, сыртқа шығарды.
Түрі жағымсыз әсер қалдыратвн болғандықтан шығар, көбісі осы жәндіктен үрейленеді. Ғалымдардың мәліметінше жер бетінде жарқанаттардың шамамен мыңға жуық түрі кездеседі. Осылардың тек үш түрі ғана кейір жануарлардың қанын сорады. Тарихта адамға шабуыл жасаған кездері болған емес. 8-9 см бойымен жарқанаттың бір малды сұлатып түсіретіндей көлемді мөлшерде қан соруы мүмкін емес. Жарқанаттардан сонша қорқудың қажеті жоқ.

 

БӨЛІСУ