300 ДЕЙ КӨЛІК БОРАН ҚҰРСАУЫНДА ТҰР

Жамбыл облысында боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тас жолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай АПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастыруда.

БӨЛІСУ