Жақын арада Жұқпалы аурулар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ.

Кұрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі, аурухана әкімшілігі жұмыстың сапалы жүргізілуін өз бақылауында ұстайды.

Күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты қызылша дертіне шалдыққан науқастар мен қызылша ауруымен белгілі бір қарым – қатынаста болған тұрғындар ем алатын бөлімшелер уақытша Ә.Бөкейханов көшесі № 60 мекен – жайдағы ( ескі қалалық перзентхана) ғимаратқа көшірілетінін хабарлаймыз. ЖРВИ, ЖІИ және де басқа жұқпалы аурулар анықталған науқастар Ғ. Мүсірепов көшесі №75 мекен – жайында ем алатын болады,-деген басқарма таратқан ақпаратта.

БӨЛІСУ