Қазгидромет ел аумағы бойынша 2024 жылғы наурыз-мамыр айларына көктемге арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады.
Наурыз — көктемнің бірінші айы. Алайда, Қазақстанның солтүстік облыстарында Наурыз қыстың жалғасы болып табылады, жекелеген күндері қыс мезгіліндей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болжанады. Бұл күндері температура фоны төмен, түнде 15-25 градус аяз болады деп болжануда.
Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасының күндіз 2-7°С жылыға дейін жоғарылауы болжанады, ал көктемдегідей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде қуантады, күндіз термометрлердің бағандары 5-15°С жылыға дейін жетуі мүмкін.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс оңірлерінде наурыз айы – нағыз көктем айы, бірақ жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі жауады. Ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+10°С-тан +10+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға жуық болады деп болжануда.
Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға жуық күтіледі, ҚР солтүстік-батысында нормадан аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда нормадан көп болады. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп болжануда.