ТҰЗ БЕН ҚҰМ АЗАЙЫПТЫ

Қыс басталғалы Қызылорда облысының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автожолға 3 мың тоннаға жуық тұз, 15 мың тоннадай құм себілді деген Қазавтожол мекемесінің ресми мәліметінде.

Қазіргі таңда облыста барлық жол пайдалану бөлімшелерінде қыс мезгіліне дайындалған тайғаққа қарсы материал қоры азая бастаған. Себебі, қыс басталғалы аталған облыстың республикалық маңызы бар автожолдарына 3 мың тоннаға жуық тұз бен 15 мың тоннадай құм себілген.

Бүгінде жолшылар тайғаққа қарсы материал дайындау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
1500 тоннадай қажетті материал қоры дайындалды. ТҚМ дайындауға 24 техника мен 40-қа жуық адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қызылорда облысының аумағынан өтетін “Самара-Шымкент” автожолының “Қызылорда-Жезқазған” учаскесінде көлік қозғалысына шектеу жоқ, жол ашық.Облыс аумағында ауа райы тұрақты.

БӨЛІСУ