Қаланың бас полицейі гарнизондық жиында 7 жастағы Ерденді марапаттады.
Қызылордалық полицейлер өзінің азаматтық ұстанымын танытып, қылмыскерді құрықтауға көмектескен 7 жастағы Ерден Бағдатұлын басқарма бастығы Қасанов Айдар марапаттады.
Ол 9 ақпан күні аса ауыр қылмысқа, яғни өзінің жасөспірім бала екендігіне қарамастан, болған оқиғаны толығымен полиция қызметкерлеріне жеткізіп, қылмыстың ашылуына септігін тигізгені үшін Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Жеке құрамның қатысуымен өткізіліп жатқан гарнизондық жиын барысында 7 жастағы Ерден Бағдатұлына қошемет көрсетіліп, осындай болашақ елінің нағыз патриотын тәрбиелеп өсіріп отырған ата-анасына да алғыс айтылды.