«Қазалы» брендімен танымал тәттіге сұраныс әрқашан жоғары. Осы тәтті арқылы Қазалы ауданының атын тұтас республикаға танымал еткен кәсіпкер Нұрбек Алдажарұлы бұл іспен 2012 жылдан бастап айналысып келеді. Күніне жарты тонна кәмпит дайындайтын цех еліміздің бірқатар өңірлеріне: Ақтөбе, Орал, Ақтау, Қостанай қалаларына тапсырыс бойынша уақытылы жөнелтіп отыр.
Енді Қазалының брендіне айналған «Қазалы» кәмпитіне Қытайлықтар да қызығуда. Қазақстанның экологиялық таза майлы дақылдары, ет және басқа да өнімдерімен бірге кәмпит те Қытайға экспортталуда.