Қызылорда қаласы аумағына Сырдария өзені арқылы секундына 135 текше метр көлемінде су түсуде. Мұз жұқа,  қалыңдығы 10-15 сантиметр шамасынан аспайды.

-Сеңнің қауіпсіз жүруін қадағалау мақсатында жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынған. Сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде,- деген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

БӨЛІСУ