Бүгін аймақ басшысы тұрғындарды жеке қабылдады. Нұрлыбек Машбекұлымен жүздесуге келгендердің мұң-мұқтажы да әр алуан.

Мәселен, әкесі, Кеңес Одағының батыры Ж.Қизатов тұрған үйдің шатыры ескірген. Әбден тозығы жеткендіктен ауыстыру қажет. Сондықтан аймақ басшысының қабылдауына жазылған қызы Гуля Қизатова жөндеуге көмек сұрады. Мұқият тыңдаған облыс әкімі зейнеткердің мәселесі кәсіпкерлердің көмегімен шешілетінін айтты.

Мұнан бөлек,  қабылдауда жас спортшы Олжас Оразалыұлының анасы да қуанышты хабар естіді. Олжас Оразалыұлы – әлемдік және Олимпиада рейтингтерінде 1 орында тұрған парадзюдошы, биыл Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер.
Спортшының қызметтік үйіне жекешелендіру құқығын беруді сұраған ананы Нұрлыбек Машбекұлы «Олжас Паралимпиададан жүлделі орын алса, оған өзім үй алып беремін» деп қуантты.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ