Белгілі ауыр атлет Илья Ильин қызды болды. Cпортшы сүйінші жаңалықты Instagram-дағы парақшасында айтты.
Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауларыңызға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматшасы — Ильина Аили Ильинична. Әйелім жоспарлы кесарь тілігімен босанды, бәрі жақсы өтті. Қызымыздың бойы — 50 см, салмағы — 3 кг 178 гр, — деп жазды Илья Ильин.