КИІК ҚЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Қызылордада «Браконьер» іс — шарасы барысында полицейлер 76 бас киікті тасымалдаған күдіктілерді оқиға орнында ұстады

6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасы аясында «Жезқазған – Қызылорда» тасжолында «Toyota Hilux» және «Toyota land cruiser» автокөліктерін тоқтатпақшы болады. ​Алайда, күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, бой тасаламақшы болып, полиция қызметкерлерімен ұсталды.
​ Оқиға орнына жеткен жедел – тергеу тобы қарап тексеру барысында «Toyota Hilux» автокөлігінен 29 бас, «Toyota land cruiser» автокөлігінен 47 бас киіктің ұшасын, сонымен қатар, «Toyota Hilux» автокөлігінен 9 дана 12 калибрлі оқ дәрілерді анықтап, тәркіледі.
​ Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде.
​ «Браконьер» жедел профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 дана киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп — тексеру әрекеттері жүргізілуде.

БӨЛІСУ