Ауыл мектебі: тең мүмкіндік!

Облыс әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облысының білім басқармасы «Қазақстан Халқына» қорымен бірнеше жыл көлемінде бірлескен жобалар жүзеге асырып келеді.
2025 жылы – «Қазақстан Халқына» қорымен бірлесіп, «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Қызылорда облысы» жобасы аясында облыс көлеміндегі 58 мектепте (оның ішінде: 8 шағын жинақты мектеп) бірлескен дамыту бағытында жұмыстар жүргізілді.
Негізгі мақсат – ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқарту.
Жоба аясында, Қор арқылы заманауи физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталды (жалпы құны – 2,5 млрд.теңге). Ал, «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, аталған мектептердегі – 1862 педагог облыстық бюджет есебінен (178,0 млн теңге) біліктілік арттырды. Қазіргі уақытта біліктілік арттырудан(курстан) кейінгі қолдау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2025 жылы Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар (тірек мектептері) ретінде – 2 мектеп (әрқайсысы – 250 млн.теңге) интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды. Олар: Сырдария ауданындағы №36 мектеп-лицей және Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицей.

Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде, 2022-2024 жылдары 6 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықтаған болатын (2022 жылы – 1 мектеп, 2023 жылы – 2 мектеп, 2024 жылы – 3 мектеп).

БӨЛІСУ