17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге қатысты іс бойынша олардың қамқоршысы Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») және 140-бабының 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Балалар медициналық тексеруден өтіп, мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылды. Ал Құндыз бен Назгүл арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жіберілді.

Тергеу нәтижесінде Төленова 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БӨЛІСУ