Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен екінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Жастардың құқықтық сауатын арттыру аса маңызды. Сонда әркім өзінің құқығын қорғай біледі және өзгенің құқығын таптамайды. Заң мен тәртіп үстемдік құрған мемлекеттің тұғыры қашанда мықты болады», деп атап өтті.
Бүгінгі қала жастарымен өткен «Жастар. Тәртіп. Құндылық» тақырыбындағы кездесу қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов, қала прокурорының орынбасары Сая Темірбекова және жастар арасында кеңінен танылған «105» телехикаясының актерлары Аслан Бектенов пен Шоқан Чупанбаев қатысты.
Кездесуде заң мен тәртіпті сақтау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділет пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу мәселелері талқыланды. Жастар қонақтармен еркін пікір алмасып, сұрақ-жауап форматында ой бөлісті.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу- бұл мемлекеттің, қоғамның , жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың қылмыстық іс-әрекеттер жасауына жол бермеуі болып табылады.
Ел болашағы – кейінгі жастардың қолында.Сондықтан оларды дұрыс жолға тәрбиелеу елдің жарқын болашағы үшін жасалған игі қадам саналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше қараған. Жас ұрпақ тәрбиесінде теңдік және үйлесімділік секілді құндылықтар болуы маңызды.
